Синоптиктердің мәліметінше, қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ болады
«Қазгидромет» РМК 24-26 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ болады.
24 желтоқсанда республиканың басым бөлігінде, 25-26 желтоқсанда еліміздің батысында, солтүстік-батысында және шығысында атмосфералық бөлімдердің өтуімен және циклонның әсерімен қар жауады, ал республиканың оңтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тек антициклон жотасымен еліміздің оңтүстігіне ауа-райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтіліп отыр. Республика бойынша жаяу бұрқасын, тұман, екпінді жел, еліміздің батысында көктайғақ күтіледі.
Түнде ауа температурасының төмендеуі тек орталық пен шығыста 20-35 градус аязға дейін болжанады, ал қалған аумақта температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.