23.12.2024, 13:03
Жаңалықтар
Сирияда террорлық топта болған Қазақстанның екі азаматы сотталды
Олар арнайы операциялар барысында ұсталып, Қазақстанға жеткізілді
Фото: istockphoto.com
Сириядағы террорлық ұйымдардың қатарында 2020-2022 жылдары болған екі қазақстандыққа қатысты сот процесі аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ҰҚК шетелдік әріптестермен бірлесе жүргізген операциялардың нәтижесінде олар шетелде табылған, елге жеткізіліп, қамауға алынды.
«Олардың біреуі – Түркістан облысының тұрғыны, террористік топтың әрекетіне қатысқаны үшін кінәлі деп танылған (ҚК 257-бабы).
Екіншісі – Атырау тұрғыны, осындай қылмысты жасағаны, сондай-ақ шетелде террорлық дайындықтан өткені үшін сотталған (ҚК 260-бабы).
Екі фигурантқа да әртүрлі жаза өтеу мерзімі тағайындалып, үкімдер заңды күшіне енді», - делінген ҰҚК хабарламасында.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті