Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

Автор: Мақсат Әсел

Өзге шаһарларда метеорологилық ахуал қалыпты

Фото: istockphoto.com

Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 2024 жылғы 23 желтоқсанда Алматы, Жезқазған, Балқаш қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.