АҚШ қателесіп өз жойғыш әскери ұшағын атып түсірді

Автор: Дәулет Ботагөз

Оқиға кезінде ұшақтағы екі пилот аман қалды

Фото: АР

АҚШ Қызыл теңіз үстінде өздерінің F/A-18 әскери ұшағын қателесіп атып түсірді. Бұл оқиға жексенбі күні Йемендік хуситтерге қарсы авиациялық шабуыл кезінде болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Associated Press-ке сілтеме жасап.

«F/A-18 әскери ұшағына зымырандық шабуыл USS Gettysburg крейсерінен жасалды. Бұл крейсер әскери топ құрамына кіреді. Оқиға кезінде ұшақтағы екі пилот аман қалды. Олар катапульт арқылы ұшақтан шыққан. Бір пилот жеңіл жарақат алған», — деп жазылған хабарламада.

АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы бұл жағдай Қызыл теңіз аймағында қауіптің жоғары екенін көрсетті деп мәлімдеді. Аталған аймақта Иран қолдайтын хуситтердің кемелерге шабуылдары жалғасып жатыр.

 

Тегтер: