Көліктерді айып тұрағына жіберілді
Ақтау қаласында жолда би билеген қымбат көлік жүргізушілері жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Ақтаудағы 5 және 6 шағын аудандардың арасында болғае. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада Bentley, Mercedes Benz және Porsche көліктерінің жүргізушілері жолда тоқтап, би билеп жатқаны көрсетілген.
«Полиция тексеріс нәтижесінде көлік иелеріне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырып, көліктерді айып тұрағына жіберді. Жол қозғалысы ережелерін бұзу тек өз өміріңізге ғана емес, басқа адамдардың өміріне де қауіп төндіреді», – деп ескертті ведомство.