Оған құтқарушылар көмектесті
Атырауда 5 жасар бала саусағын темір шайбаға салып, шығара алмай қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, Атырау облыстық балалар ауруханасының травматологиялық бөлімшесіне 5 жасар бала көмек сұрап келген. Ол саусағын темір шайбаға салып, қайта шығара алмай қалған. Дәрігерлер құтқарушылардың көмегіне жүгінді.
«ТЖМ қызметкерлері «тістегіш» авариялық-құтқару құралының көмегімен металл бөлшекті ақырын кесіп, шайбаны алып тастады. Баланың саусағын босату үшін бірнеше минут уақыт кетті. Құтқару операциясы сәтті аяқталды, бала тек қорқынышпен құтылды, медициналық көмекке мұқтаж болмады», - делінген ТЖМ хабарламасында.
ТЖМ ата-аналарды мұқият болуға, балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.