22.12.2024, 06:49
Жаңалықтар
Үш ай бұрын жоғалып кеткен Алматы облысының тұрғыны аман-есен табылды
Ол қыркүйек айында үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған
Фото: instagram.com/volontery_almaty_lider.kz
Үш ай бұрын жоғалып кеткен Алматы облысының тұрғыны аман-есен табылды. Бұл туралы еріктілер Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақпаратқа сәйкес, 1995 жылы туған Жұбанов Бақытжан Ғазизоллаұлы өзінің туған күнінде, осы жылдың 17 қыркүйегінде үйінен шығып кеткен. 29 жастағы жігіт 18:00-де Жамбыл ауданы, Қазыбек бек ауылы, Абай көшесі, 14-үй мекенжайы бойынша үйден шыққан. Белгілері: бойы 170-175 сантиметр, орташа дене бітімі, Шашы қара қысқа, көздері қоңыр.
Еріктілердің айтуынша, жоғалған адам 20 желтоқсанда табылған. Басқа мәліметтер әлі нақтыланбаған.
Көп оқылған
12.02.2026, 16:15
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдердің мазасы неге қашып, олар неге хат жаза беретінін түсіндірді
12.02.2026, 17:16
Қазақстанда нақты ғылымдардан сабақ беретін мұғалімдердің жартысынан көбі – сауатсыз
12.02.2026, 06:00
Шымкентте нөсерден кейін жауған қар салдарынан ағаш құлап, 4-сынып оқушысы қаза тапты
12.02.2026, 10:58
Үйлену тойына кедергі жасаған: Ұлытау облысында жас жігіт бойжеткенді еш себепсіз 5 жыл аңдыған
12.02.2026, 16:43
Ораза айында пітір садақа беріп үлгермеген азаматтар не істеу керек