Павлодарда 300-ге жуық жүргізуші куәлігінен айырылды

Автор: Мақсат Әсел

Жүргізушілер арасында қарсы жолаққа шығып кету деректері жиі тіркеледі

Фото: depositphotos.com

Павлодарда 300-ге жуық жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицейлердің сөзінше, жүргізушілер маневр жасауға тыйым салатын жолақты немесе белгіні байқамай, заң бұзушылыққа жол береді. Осылайша жол қозғалысының өзге қатысушыларына да қауіп төндіреді.

«Жыл басынан бері 286-дай жүргізуші жауапкершілікке тартылып, жүргізуші куәлігінен айырылды. Мысалы, облыс орталығында Катаев-Естай көшелерінің қиылысында Toyota Corollа автомашинасының жүргізушісі төрт жолағы бар екіжақты қозғалыстағы жолдың қарсы бетіне шықты. Жүргізуші жауапқа тартылды, шешім қабылдау үшін материал сотқа жіберілді», — деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінен.