$ 495.28  538.32  5.77
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанайдағы фельдшерді ұрып-соғу оқиғасы: Денсаулық сақтау министрі пікір білдірді

Зардап шеккен жедел жәрдем қызметкері қазір ауруханада жатыр

Қостанайдағы фельдшерді ұрып-соғу оқиғасы: Денсаулық сақтау министрі пікір білдірді
Фото: instagram.com/akmaralalnazarova

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қостанайдағы жедел жәрдем фельдшерін ұрып-соғу оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Халықтың денсаулығын сақтайтын медицина қызметкерлерінің қызмет барысында, өз денсаулығына қатер төндіретін оқиғалары көбейіп барады. Жақында ғана Қостанайдағы жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасалды. Шақыртуға келген жас қызметкер - Анель Баймурзинаның ұрып - соғу салдарынан алған жарақаттарынан ауруханаға түсті. Анель Баймурзинаның отбасына өз тарапымнан қолдау білдіре отырып, бұл жағдайдың назардан тыс қалмайтынын жеткіземін», - деп жазды министр.

Министрдің айтуынша, шұғыл медицина қызметкерлері адам өмірінің аса қауіпті кезеңінде көмекке келетін және өз өмірініңде қатеріне де мән беруге мүмкіндігі бола бермейтін қызметкерлер санатына жатады.

«Жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сәйкес 2019-2023 жылдар аралығында елімізде қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде 158 медицина қызметкерлері зардап шеккен. Оның ішінде 2022 жылы – 46, 2023 жылы -80, 2024 жылы -9 шабуыл тіркелген. Медицина қызметкерлерінің қызметтік борышын орындауы барысында, оларға жасалған шабуыл, зорлық - зомбылық әрекеттері үшін қылмыстық жауаптылықты енгізуге байланысты депутаттардың қолдауына сүйендік. Мұндай әрекеттер еркіндікті шектеуге және қоғамның айыптауына дейінгі әділ жазасын алуы тиіс», - деді Ақмарал Әлназарова.

Естеріңізге сала кетейік, 19 желтоқсанда Қостанайда науқас әйелдің туыстары шақыруға келген жедел жәрдем фельдшерін ұрғаны белгілі болды. Зардап шеккен Анель Баймурзина төрт жылдан бері жедел жәрдем станциясында жұмыс істейді. Миы шайқалған, іші жарақаттанған және бірнеше жері көгерген Анель қазір ауруханада жатыр.

Серіктес жаңалықтары