Президент тиісті жарлыққа қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрінің орынбасары — ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровты қызметінен босатып, тиісті жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары — ұлттық экономика министрі лауазымынан босатылды», — делінген хабарламада.
Нұрлан Серікұлы 1975 жылы 10 қазанда туған. Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары — ұлттық экономика министрі болып 2024 жылдың 6 ақпанда тағайындалған еді.