Жаңа мектеп ашу, жалған диплом және халықаралық стандарт: білім беру саласындағы қордаланған мәселелер

Автор: Аягөз Құрмаш

Кеңесте өзекті мәселелер талқыланды

Фото: Azattyq Ruhy

«AMANAT» партиясы жанындағы Білім беру мен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі республикалық кеңесте білім беру жүйесіндегі пробемалар талқыланды, деп хабарлайды Azattyq Ryhy.

Отырыста «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жол картасының тармақтарының орындалу барысы жайлы айтылды.

Мәжіліс депутат Жұлдыз Сүлейменова атап өткендей, 40 сағаттық жұмыс аптасына кезең-кезеңмен көшу және тәрбиеші мен тәрбиелеуші ара қатынасын ЭЫДҰ нормаларына келтіру үшін мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын тәрбиеленушілер жалақысын көтеру қажет. Бұл мәселе өте өзекті болып отыр. Себебі үкімет тарапынан қолдау таппаған.

«Елімізде 1,5 млн-нан астам оқушы орнын құру көзделген. Оның ішінде 2025 жылға қарай 619 мың оқу орнымен қамту бойынша оқу-ағарту министрлігінің жоспарын білгіміз келеді. Шағын қала мен аудан орталықтарындағы, ауылдардағы 3 мың мектепті қайта жаңарту көзделген. Білім мекемелерінде мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдайтын инклюзивті кабинеттің кемінде біреуін ашу көзделіп отыр. 2025 жылға 41 осындай кабинет ашуды жоспарлаған едік», - дейді Жұлдыз Сүлейменова.

Бұл мәселелер бойынша оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева сайлауалды бағдарламасындағы мақсаттарды орындауға бақылау жүретінін айтты.

«2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту көрсеткіші 92,5% жетті. Жыл соңына дейін 645,8 мың орынға 433 мектептің құрылысы басталды. 375 мың орындық 254 мектеп іске қосылды. Жаңғырту 7 бағыт бойынша жүргізілуде, 1000 мектепте жоспарланған жұмыстар аяқталуға жақын. Балаларды сауықтыру және олардың шығармашылық, зияткерлік әлеуетін дамыту жөніндегі жол картасына  сәйкес 11 объект ашу жоспарланып отыр», - дейді Наталья Жұмаділдаева.

Ал жоспардағы екі мәселе бойынша іс-шараның орындалмай қалу қаупі туындап отыр.

«40 сағаттық жұмыс аптасына кезең-кезеңімен көшу және «тәрбиеші-тәрбиеленуші» ара қатынасын ЭЫДҰ нормаларына келтіру үшін мектепке дейінгі ұйымдар педагогінің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру бойынша 490 млрд теңге шығыс ұсынылып отыр. Бұл мәселенің орындалмау қаупі туындап отыр. Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы  орта  білім беру жүйелерінде 25%  іс-шараның орындалмау қаупі бар қосымша, техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік ұйымдары басшыларының жалақысын кезең-кезеңімен 100%-ға арттыру бойынша да мәселе бар», - дейді Жұмаділдаева. 

Сондай-ақ отырыста ғылым және жоғары білім министрлігінің жоспары мен орындалған жоспарлары талқыланды. Оның ішінде цифрландыру, жалған дипломдарды анықтау мен олардың жолын кесу мәселелері сөз болды. 

Ішкі істер министрлігі дипломдарды қолдан жасау фактілері бойынша қылмыстық істерге талдау жүргізген. 2024 жылдың осы кезеңінде қылмыстық құқық бұзудың осы санаттары бойынша 2613 қылмыстық істі тіркелген.