Доллар бір орында тұрақтағандай: дәл қазіргі құны белгілі болды

Автор: Асыл Арман

Жуырда доллар күрт қымбаттап, 536 теңгеге бір-ақ шыққан

Фото: istockphoto.com

Қазақстандық қор биржасында (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 523,86 теңгені құрап, 0,14 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, доллардың 20 желтоқсандағы ресми бағамы 524,02 теңгені құрайды.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі сәтте Алматының айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 525,66 теңгеге, сату – 528,71 теңгеге тең. Астананың айырбастау пунктерінде доллар орташа есеппен 523,01 теңгеден сатып алынады, ал сатылуы – 529 теңге.

Айта кетейік, жуырда доллар күрт қымбаттап, 536 теңгеге бір-ақ шыққан.