$ 511.18  530.6  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Сонша уақытым бос кетті»: әнші Меруерт Түсіпбаева өткенінен сыр шертті

Ол желіде жаңа әнін жариялады

«Сонша уақытым бос кетті»: әнші Меруерт Түсіпбаева өткенінен сыр шертті
Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

Әнші Меруерт Түсіпбаева Instagram парақшасында өткен өмірінен сыр шертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Rýhy.

Әнші Instagram парақшасында жаңа әнін жариялап, сол арқылы ішіндегі шерді сыртқа шығарды.

«Жаратқаннан жалбарынып шын сұрасаң, лаулаған сезіміңе де тосқауыл қоюға болады екен. Бәрі бітті. Сонша уақытымның бос кеткеніне өкінбеймін. Бұл менің тағдырым. Осындай сезім болмаса, мұнша ән жарыққа шықпас еді. Барлық әнім ол туралы болды. Мына өлеңді 10 минутта жазып шықтық», – деп жазды әнші.

Меруерт Түсіпбаеваның жазбасына желі қолданушылары өз ойын білдірді.

«Ғашық болудың өзі бір бақыт, мен жүрмін ондай сезімді сезіне алмай», «Кездесу бар жерде қоштасу бар. Бұл – заңдылық», «Жүректен жүрекке жеткіздіңіз, қандай керемет», – деп жазды әнші.

Айта кетейік, жуырда әнші желіде боқтық сөз айтатын блогер Мадленге шүйліккен болатын.

Серіктес жаңалықтары