19.12.2024, 11:44
Жаңалықтар
75 млн теңге пара алып Грузияға қашып кеткен мемқызметкер 10 жылға сотталды
Ол шекарадан көліктердің кедергісіз өтуі үшін пара алып отырған
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
Грузиядан экстрадицияланған БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының бұрынғы қызметкері аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Прокуратура мәліметінше, оның 2021 жылғы желтоқсан мен 2022 жылғы қыркүйек аралығында Қазақстан-Ресей шекарасындағы автомобиль өткізу пункті арқылы көлік құралдарының кедергісіз өтуі үшін 75 720 000 теңге сомасында пара алғанын дәлелдеді.
«Сотталған мемлекеттік және қаржы ұйымдарында жұмыс істеу құқығынан және 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, сот мүлікті тәркілеуді қолданып сотталушыдан пара сомасын өндіріп алды», - делінген прокуратура хабарламасында.
Көп оқылған
31.10.2026, 07:28
Қазақстанда 31 қазанда күн райы қандай болады?
31.10.2026, 08:26
«Өлген көгершіндерді лақтырады»: Алматыда тұрғындар қоқысты үйіне таситын қарт көршісінен әбден мезі болған
31.10.2026, 06:16
Семейде облыстық сот ғимаратының алдында ер адам өзін өртеп, көз жұмды
31.10.2026, 21:24
Семейде ер адам өзін-өзі өртеп жіберген: іске қатысты тың деректер шықты
31.10.2026, 10:43
Алматыда тұрғын үй қабырғасына жазу жазған бойжеткен ұсталды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды