«Есікті өздігінен аша алмаған»: Қызылордада құтқарушылар 89 жастағы әжеге көмектесті

Автор: Дулат Асель

Құтқарушылар екінші қабаттағы үйге терезе арқылы кірулеріне тура келді

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Қызылорда қаласының үйлерінің бірінде 1935 жылы туған қарт әже есікті өздігінен аша алмай, пәтердің ішіне құлап қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары сатының көмегімен екінші қабаттың пәтеріне терезесі арқылы кіріп, еденде жатқан зейнеткерді тапты. Оған көмек көрсетіліп қарт кісі туыстарына тапсырылды.

Құтқарушылардың жұмыс тәжірибесінде мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Сондықтан егде адамдар мен балаларды 1 минутқа да қараусыз қалдырмаңыз.