Ол 16 желтоқсан күні үйінен шығып кеткен
Орал қаласында 16 желтоқсанда жоғалып кеткен Манарбек Қажмұратовты іздестіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Мой Город сайтына сілтеме жасап.
Редакцияға Манарбек Қажмуратовтың әпкесі Фаида Қазиханова хабарласып, 31 жастағы бауырының із-түссіз жоғалғанын айтты. Оның сөзінше, Манарбек 16 желтоқсан күні Январцев көшесі, 16 мекенжайындағы үйінен шығып, қайта оралмаған.
«Оның ара-тұра есін жоғалтатын әдеті бар. Жоғалған күні ол сұр түсті күртеше, қара бас киім, қара етік және көк джинсы киіп шыққан. Қатты уайымдап отырмыз. Полицияға арыз жаздық», - деді Фаида Қазиханова.
Жақындары Манарбек Қажмуратовтың қайда екенін білетін адамдардан +7 702 934 44 35 нөміріне хабарласуды сұрайды.