Олардың жартысына жуығы – шетел азаматтары
Жетісу облысында қар құрсауында қалған 140-қа жуық адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, Үшарал-Достық автожолында ауа райының нашарлауы, қатты боран және жолдың көрінбеуі салдарынан Жетісу облысында бірнеше төтенше жағдай болды. Құтқарушылар қар құрсауында қалған жүргізушілер мен жолаушыларға жедел көмек көрсетті. Соңғы тәулікте барлығы 136 адам құтқарылды.
Құтқарылғандардың арасында 67 шетелдік азамат болды.