Ресейден жиһаз жеткіземін: кәсіпкер ондаған адамды 20 млн теңгеге алдап кеткен

Автор: Асыл Арман

Қазір алаяқтық бойынша тергеу жүріп жатыр

Фото: istockphoto.com

Ресейден Ақтөбеге жиһаз жеткізіп беруі тиіс адам табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицияға Ақтөбе облысының тұрғындары кәсіпкерге қатысты арызданды. Олардың айтуынша, жаздың басында кәсіпкер Ресей Федерациясынан жиһаз алып келуге уәде берген, алайда уәдесін орындамаған.

«Күдіктінің көрші елге жиһазға тапсырыс бермегені, ал 20 млн теңге ақшалай қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсағаны анықталды. Жалпы, күдікті 20 азаматтың ақшасын иемденген.

Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», - делінген полиция хабарламасында.