Тоқаев Макронға көңіл айтты

Автор: Асыл Арман

Майотта архипелагында жойқын тайфун соғып, көптеген адам қаза тапты

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эмманюэль Макронға Майотта архипелагында болған жойқын тайфун салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Президент қайтыс болған азаматтардың жақын-жуықтарына олардың қайғысына ортақтаса көңіл айтып, зардап шеккен адамдардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.