Желдің екпіні кей өңірлерде 28 м/с-қа дейін жетеді
Бүгін еліміздің бірқатар облыстарында аяз, тұман, көктайғақ пен бұрқасын күтіледі. Синоптиктердің болжамынша, желдің екпіні кей өңірлерде 28 м/с-қа дейін жетеді, ал кей аймақтарда қатты аяз болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жетісу облысы
Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20, Алакөл көлдері аудандарында кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында 25-27 градус қатты аяз күтіледі.
Алматы облысы
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында кей уақыттарда екпіні 17-22 м/с. Алматы қ.: 18 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Қонаев қ.: 18 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 17-22 м/с.
Ұлытау облысы
Күндіз Ұлытау облысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Жезқазған қ.: 18 желтоқсанда жаяу бұрқасын күтіледі. Тұман.
Қарағанды облысы
Күндіз Қарағанды облысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қ.: 18 желтоқсанда жаяу бұрқасын күтіледі.
Батыс Қазақстан облысы
Батыс Қазақстан облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 18 желтоқсанда көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.
Қызылорда облысы
Қызылорда облысының батысында, орталығында көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 18 желтоқсанда жел оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Абай облысы
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, Жарма ауданында екпіні 23 м/с.
Шығыс Қазақстан облысы
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-18 м/с.
Маңғыстау облысы
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауыспалы жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 18 желтоқсанда оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауыспалы жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысы
Түнде Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ.: 18 желтоқсанда жаяу бұрқасын күтіледі.
Ақтөбе облысы
Ақтөбе облысында бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстістігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе қ.: 18 желтоқсанда түнде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел, оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 16 м/с.
Атырау облысы
Түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Атырау қ.: 18 желтоқсанда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысы
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 18 желтоқсанда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысы
Таңертең және күндіз Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Шымкент қ.: 18 желтоқсанда таңертең және күндіз көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман. Түркістан қ.: 18 желтоқсанда таңертең және күндіз көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман.
Астана
Астана қ.: 18 желтоқсанда күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с
Ақмола облысы
Түнде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда екпіні 25 м/с. Көкшетау қ.: 18 желтоқсанда оңтүстіктен жел соғады, күндіз екіпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысы
17 желтоқсанның сағат 18.00-ден 18 желтоқсанның сағат 20.00-ге дейін Өскемен қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі жарияланады.
Жамбыл облысы
17-19 желтоқсанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, тәулік бойы 17 желтоқсанда, күндіз 18-19 желтоқсанда екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қ.: 17-19 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.