18.12.2024, 00:30
Жаңалықтар
Жәнібек Әлімханұлы өзіне қарсылас ретінде әлем чемпионын таңдады
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі X парақшасында жазды
Фото: Instagram/janibek_alimkhanuly
Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 KO) WBA белбеуінің иегері кубалық Эрисланди Ларамен (31-3-3, 19 KO) жекпе-жек өткізу туралы идеясын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
«Лара туралы не ойлайсыздар? Ол менімен жұдырықтаса ма, әлде қашып кетеді ме?», – деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желідегі X парақшасында жанкүйерлеріне.
Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін биыл 4 қазанда Австралияның Сидней қаласында өткізген болатын. Тоғызыншы раундта ол Жаңа Зеландиядан келген қарсыласы Андрей Михайловичті (21-1, 13 KO) нокаутпен жеңген еді.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды