Астанаға Гвинея-Бисау елінің президенті келеді

Автор: Асыл Арман

Екі елдің президенттері қандай мәселелерді талқылайтыны белгілі болды

Фото: istockphoto.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 18 желтоқсан күні Гвинея-Бисау президенті Умару Сисоку Эмбало Астанаға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында Қазақстан мен Гвинея-Бисау арасындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық перспективасы талқыланады.