Марқұмның 56 жаста болғаны анықталды
Алматының іргесіндегі Қызыл Қайрат ауылында әйел адамның денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Марқұм Алматы маңындағы ауылда иесіз қалған зауыттан табылды. Оның 56 жаста болғаны анықталды.
Полицияда өлім фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құқық қорғау органдары болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, зорлық-зомбылық арқылы өлімнің ізі табылған жоқ», - деп хабарлады Алматы облысы ПД.