Жеті облыста дауылды ескерту жарияланды
21 мамырға арналған ауа райы болжамы
Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет».
21 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытына ауысады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күтіледі.
Петропавлда 21 мамырда найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытына ауысады күші 15-20 м/с күтіледі.
21 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Қостанайда күндіз 21 мамырда оңтүстік-батыстан жел соғады, 15-20 м/с күтіледі.
21 мамырда Ақмола облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.
Нұр-Сұлтанда күндіз 21 мамырда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан күндіз жел соғады екпіні 15-18 м/с.
Көкшетауда 21 мамырда найзағай күтіледі, оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с.
21 мамырда таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
21 мамырда Маңғыстау облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
21 мамырда Павлодар облысында кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршак болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел бастысқа ауысады, найзағай кезінде күші 15-20 м/с жетеді.
Павлодарда күндіз 21 мамырда найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел бастысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетеді.