Қостанай облысында автокөлік қозғалысы шектелді

Автор: Дәулет Ботагөз

Жол жағдайы туралы 1403 байланыс орталығынан ақпарат алуға болады

Фото: © istockphoto.com

Қостанай облысында ауа райының нашарлауына байланысты автокөлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.

«2024 жылдың 16 желтоқсанында сағат 17:00-де «Қостанай-Аманкелді-Сұрған» автожолының 108-232 шақырым аралығында (Аманкелді елді мекенінен Ақмола облысының шекарасына дейін) жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс шектелді», — делінген хабарламада.

Жол қозғалысы 2024 жылдың 17 желтоқсанында сағат 08:00-де қалпына келтіріледі деп жоспарланған.

Жол жағдайы туралы кез келген уақытта 1403 байланыс орталығына хабарласып ақпарат алуға болады.