Зардап шеккендер жоқ
Маңғыстау облысында 13 жүк көлігі қарға батып, өздігінен шыға алмай қалды. Бұл туралы ҚР ТЖМ мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Төтенше жағдай Жетібай-Жаңаөзен тас жолының 204-шақырымында болды. Оқиға орнына шұғыл түрде құтқарушылар жіберілді. Жүк көліктері қардан сүйретіліп, тазартылған жолға шығарылды. Зардап шеккендер мен эвакуация қажет болған жоқ. Медициналық көмекке мұқтаж жандар анықталмады», — делінген хабарламада.
ҚР ТЖМ ауа райының қолайсыздығына байланысты тұрғындарға тек ірі жолдармен және трассалармен жүруді ұсынады.