Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райының жақсаруына байланысты автокөлік қозғалысы қайта ашылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
16 желтоқсан күні сағат 07:00-де республикалық маңызы бар келесі автожолдарда қозғалыс қалпына келді:
Алматы облысы
- «Алматы – Көкпек – Көктал – Хоргос» 136-172 км (Шелек ауылынан Көкпек ауылына дейін).
- «Көкпек – Кеген – Түп» 0-72 км (Көкпек ауылынан Кеген ауылына дейін).
- «Алматы – Өскемен» 77-124 км (Қонаев қаласынан Жетісу облысының шекарасына дейін).
- «Алматы – Шелек – Хоргос» 136-254 км (Шелек ауылынан Жетісу облысының шекарасына дейін).
Жетісу облысы
- «Алматы – Өскемен» 40-68 км (Сарыөзек – Көктал, Алтынемел асуы).
- «Алматы – Өскемен» 276-480 км (Талдықорған қаласынан Көлбай ауылына дейін).
- «Алматы – Өскемен» 124-276 км (Алматы облысының шекарасынан Талдықорған қаласына дейін).
Абай облысы
- «Алматы – Өскемен» 615-967 км (Жетісу облысының шекарасынан Қалбатау ауылына дейін).
Жамбыл облысы
- «Алматы – Ташкент – Термез» (I категориялы жол) 159-238 км (Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейін).
Сағат 08:00-де Жетісу облысында:
«Алматы – Өскемен» 480-615 км (Көлбай ауылынан Абай облысының шекарасына дейін).
Азаматтар жол жағдайы туралы қосымша ақпарат алу үшін тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығына хабарласа алады.