Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 15 желтоқсанда Астана уақыты бойынша 23:29-да Қазақстан аумағында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстікке қарай 88 шақырым жерде орналасқан.
Есептік қарқындылығы:
Қонаев қ. 3.0 б.
Алатау қ. (Жетіген) 2.0 б.
Курты а. 2.0 б.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Қосымша мәліметтер кейінірек жарияланады.