Қазақстан шорт-тректен Сеулдегі World Tour кезеңінде бесінші орын алды

Автор: Дәулет Ботагөз

Ерлер эстафеталық командасы халықаралық турнирде үздік нәтиже көрсетті

Фото: ҰОК

Сеул қаласында өткен шорт-тректен World Tour сериясының кезекті кезеңінде Қазақстан құрамасы табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ерлер эстафеталық командасы халықаралық турнирде үздік нәтиже көрсетті. Денис Никиша, Глеб Ивченко, Әділ Ғалиахметов және Мерсады Жақсыбаев В финалында жеңіске жетіп, жалпы есепте бесінші орынға тұрақтады», — деп жазылған хабарламада.

Әйелдер эстафеталық командасы да В финалында өнер көрсетіп, екінші орын иеленді. Құрамында Яна Хан, Ольга Тихонова, Мәдина Жанбусинова және Әлина Әжғалиева бар спортшылар әлемдік протоколда жетінші орын алды.