Шымкентте 18 колледж директоры жазаланды

Автор: Дәулет Ботагөз

Жалпы 20 қызметкер тәртіптік жауапқа тартылды

Фото: gov.kz

Шымкент қаласының прокуратурасы білім басқармасының қызметінде бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Прокуратура техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу кезінде заңдылықтың сақталуын талдады.

«Тексеру барысында келесі заң бұзушылықтар анықталды: Гранттарды бөлу жөніндегі комиссия шешімі бойынша негізсіз өзгерістер енгізілген; Кейбір мамандықтарға қажетті лицензиялар болмағанына қарамастан, гранттар берілген», — деп жазылған хабарламада.

Тексеру қорытындысы бойынша 20 қызметкер тәртіптік жауапқа тартылды, олардың ішінде:

  • 18 колледж директоры;
  • Шымкент білім басқармасының бөлім басшысы.

Прокуратура заң бұзушылықтарды жою бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.