Ол Қазақстан рекордын жаңартты
Қазақстандық спортшы Ғалымжан Балабек Будапештте өтіп жатқан қысқа қашықтыққа жүзуден әлем чемпионатында жаңа рекорд жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ғалымжан Балабек еркін стильде 200 метр қашықтыққа жеке жүзуде Қазақстан рекордын жаңартты. Оның уақыты 1:46.76 секунд болды. Бұл жетістік туралы ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы мәлімдеді.
«Ғалымжанның бұл жетістігі қазақстандық спортшылардың халықаралық ареналардағы үздік нәтижелерінің біріне айналды. Оның жаңа рекорды елдегі жүзу спортының дамуына үлес қосып, жастарға үлгі болары сөзсіз», — деп жазылған хабарламада.
Будапешттегі әлем чемпионаты жалғасып жатыр.