Қазақстанда «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті
Қазақстанда 11-13 желтоқсан аралығында қоғамдық тәртіпті қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтарды алдын алу мен тоқтату мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Үш күн ішінде әуе және теміржол көлігі нысандарында әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 1222 адам жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда:
«Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін 80 шетелдік ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар заңды өкілдерінің сүйемелдеуінсіз теміржол көлігінің нысандарында жүрген 27 кәмелетке толмаған бала анықталды. Олардың 16-сы арнайы бейімдеу орталығына орналастырылды», — деп мәлімдеді Транспорттық полиция департаментінің баспасөз қызметі.