Жетісу облысында қар құрсауында қалған алты адам құтқарылды

Автор: Дәулет Ботагөз

Төтенше жағдайлар министрлігі сақтық шараларын ұстану керек екенін ескертеді

Фото: depositphotos.com

Жетісу облысы Алакөл ауданында Көктұма станциясының маңында жолаушылар мінген жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Оқиға орнына жеткен ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері арнайы көлік көмегімен алты адамды Ақши ауылына эвакуациялады. Құтқарылған жолаушылар медициналық көмекке мұқтаж болмады», — делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға ауа райы жағдайын ескеріп, жолға шықпас бұрын сақтық шараларын ұстану қажет екенін ескертеді. Жол қозғалысына енгізілген шектеулер туралы ақпаратты ТЖМ ресми сайтындағы «Шұғыл ақпарат» бөлімінен білуге болады.