Жолаушылар Ақши ауылына аман-есен эвакуацияланды
Жетісу облысының Алакөл ауданында, Көктұм станциясы маңында жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойды. Қатты боран салдарынан көлік өздігінен қозғала алмай, жолаушылар көмекке мұқтаж болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына шұғыл жеткен ТЖМ жедел-құтқару жасағының мамандары арнайы вахталық көліктің көмегімен алты жолаушыны Ақши ауылына аман-есен эвакуациялады. Құтқарылған азаматтарға медициналық көмек қажет болмады.
Төтенше жағдайлар қызметі ауа райының қолайсыздығына байланысты алыс сапарға шықпас бұрын ауа райы болжамын қадағалап, қажетті сақтық шараларын ұстануды ескертеді.