Астана тұман болуы ықтимал
Бүгін еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде және орталығында бұрқасын, көктайғақ, тұман, сондай-ақ қатты жел болжанып отыр. Кейбір аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Желдің екпіні 23-30 м/с дейін жетуі мүмкін. Ауа райы болжамына сәйкес, жол қауіпсіздігіне ерекше назар аудару ұсынылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақтөбе облысы
Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Ақтөбе қ.: 15 желтоқсанда түнде жаяу бұрқасын күтіледі.
Жамбыл облысы
Күндіз Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз облыстың басым бөлігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қ.: 15 желтоқсанда күндіз қатты жауын-шашын (көбінесе қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Алматы облысы
Алматы қ.: 15 желтоқсанда батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с. Қонаев қ.: 15 желтоқсанда батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18-23 м/с.
Қарағанды облысы
Қарағанды облысында жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ, бұрқасын. Түнде және таңерең облыстың оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Қарағанды қ.: 15 желтоқсанда жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысы
Түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын, облыстың орталығында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, бұрқасын. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Жезқазған қ.: 15 желтоқсанда түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Батыс Қазақстан облысы
Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, күндіз солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел батыстан солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 15 желтоқсанда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел батыстан солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.
Атырау облысы
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Атырау қ.: 15 желтоқсанда батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с.
Жетісу облысы
Жетісу облысының солтүстік бөлігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында 15-20, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 23-28 м/с.
Абай облысы
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, Жарма ауданында екпіні 23-28 м/с. Семей қ.: 15 желтоқсанда күндіз бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысы
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Түнде облыстың батысында жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың батысында 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 15 желтоқсанда түнде және таңертең жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы
Түнде Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с. Петропавл қ.: 15 желтоқсанда түнде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
Қызылорда облысы
Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 15 желтоқсанда кей уақытта жаяу бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысы
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысы
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
Ақмола облысы
Түнде Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақыттарда тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 15 желтоқсанда түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Павлодар облысы
Павлодар облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 15 желтоқсанда жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Астана
Астана қ.: 15 желтоқсанда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кей уақыттарда жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.