Оларға 2025 жылғы 19 қаңтарға дейін уақыт берілді
АҚШ-тың аппеляциялық соты танымал TikTok әлеуметтік желісінің иесі ByteDance компаниясының шағымын қанағаттандырмады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy CNN-ге сілтеме жасап.
«Америка заң шығарушылары 2025 жылғы 19 қаңтарға дейін TikTok қосымшасын Apple және Google қолданбалар дүкендерінен алып тастауды талап етті. АҚШ-тың Федералдық аппеляциялық соты қытайлық ByteDance компаниясынан TikTok-ты сатуды талап ететін заңды қолдады», — деп жазылған материалда.
Конгресс АҚШ ұлттық қауіпсіздігін қорғау және TikTok қолданушыларының деректерін Қытай Коммунистік партиясынан сақтау үшін шешуші қадамдар жасады. АҚШ Әділет министрлігі TikTok-қа тыйым салу 19 қаңтарда күшіне енгеннен кейін, оны Apple немесе Google дүкендерінен жүктеп алған пайдаланушылар үшін қосымшаны бірден бұғаттамайтынын мәлімдеді. Алайда, қолдау көрсетілмейтіндіктен, қосымша уақыт өте келе жұмысын тоқтатуы мүмкін.