Ауа райына солтүстік және оңтүстік циклондар әсер етеді
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы күрт өзгереді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағында ауа райына солтүстік және оңтүстік циклондар әсер етеді.
«14-15 желтоқсан күндері жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауып, кей жерлерде қатты жауын-шашын болуы мүмкін. Ал 16 желтоқсан күні шығыс және оңтүстік-шығыста қарлы боран соғып, қатты қар жауады деп күтіліп отыр», — делінген хабарламада.
Ел аумағында көктайғақ, тұман, желдің күшеюі және боран болуы ықтимал.
«Қазгидромет» азаматтарды сақтық шараларын күшейтуге және ауа райы болжамын мұқият қадағалауға шақырады. Ауа райының өзгеруі қозғалысқа және күнделікті өмірге әсер етуі мүмкін.