Сенат заңға 118,8 млрд теңге сомасында 135 өзгеріс енгізген болатын
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024–2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұған дейін Сенат заңға 118,8 млрд теңге сомасында 135 өзгеріс енгізген болатын. Бұл өзгерістерді Мәжіліс депутаттары мақұлдады.
Өзгерістердің бөлінуі былай жоспарланған:
Бұл қаражат өңірлерді қолдауға бағытталады. Атап айтқанда, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасын іске асыру, көлік инфрақұрылымын дамыту, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жетілдіру, газ тасымалдау жүйесін дамыту сияқты жобалар қаржыландырылады.