Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында жол қозғалысы қалпына келді

Автор: Дәулет Ботагөз

Қазақстанда 14-16 желтоқсан күндері ауа райы күрт өзгеретіні болжанған еді

Фото: depositphotos.com

Қазақстанның батысында автокөлік қозғалысы қайта жанданды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy..

«2024 жылғы 14 желтоқсанда сағат 07:30-дан бастап Батыс Қазақстан облысында Самара-Шымкент автожолының 266-526 шақырымы (Подстепное ауылы – Ақтөбе облысының шекарасы) бойынша қозғалыс қайта ашылды», — деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, дәл осы уақытта Ақтөбе облысында республикалық маңыздағы Самара-Шымкент автожолының 526-702 шақырымы (БҚО шекарасы – Маржанбұлақ ауылы) бойынша жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс қалпына келтірілді.

Қазақстанда 14-16 желтоқсан күндері ауа райы күрт өзгеретіні болжанған еді. Осыған байланысты жолда қауіпсіздік шараларын сақтау және алыс сапарларға шығуды жоспарламас бұрын жол жағдайын тексеру ұсынылады.