«Алты қатар қардан тазаланбаған»: Алматы Орталық стадионының басқарушысы қызметінен кетті

Автор: Мақсат Әсел

Қардың тазаланбауынан «Астана» мен «Челси» ойынына келген жанкүйерлерге қолайсыздықтар туындаған

Бейнеден кадр

Алматыдағы Орталық стадионның басқарушысы Бауыржан Жұмажанов қызметінен босатылды. Бұл туралы Алматы қаласының спорттық нысандары дирекциясынан мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы қаласының спорттық нысандары дирекциясының мәліметінше, Орталық стадионның батыс секторындағы алты қатар қардан уақытылы тазаланбаған. Салдарынан «Астана» мен «Челси» ойынына келген жанкүйерлерге қолайсыздықтар туындаған.

«Орталық стадион» нысанының басқарушысы Бауыржан Жұмажанов қызметінен шеттетілді. Жанкүйерлердің жайлылығы біз үшін аса маңызды, әсіресе, осындай маңызды ойындарда. Болашақта мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін бар күшімізді саламыз, - делінген хабарламада.