12.12.2024, 22:48
Жаңалықтар
«Астана» футбол клубы «Челсиден» жеңіліп қалды
Ойын 1:3 есебімен аяқталды
Фото: instagram.com/fca.astana
УЕФА Конференция лигасы жалпы кезеңінің бесінші турында «Астана» футбол клубы Алматының Орталық стадионында лондондық «Челсиді» қабылдады. Ойын нәтижесінде қазақстандық клуб жеңіліп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қонақ команда үлкен артықшылыққа ие болып, ойынның алғашқы минуттарында-ақ есеп ашты. Марк Гиу 14 және 19 минутта дубль жасады, содан кейін Ренату Вейга есепті еслесе, оған «Астананың» жартылай қорғаушысы Марин Томасов 45-минутта бір голмен жауап қайырды.
Ойынның екінші жартысында ағылшындар тағы бірнеше шабуыл жасады, бірақ есеп өзгеріссіз қалды. «Астана» (Астана, Қазақстан) – «Челси» (Лондон, Англия) 1: 3
Гиу 14 (0: 1),
Гиу 19 (0: 2),
Вейга 39 (0: 3),
Томасов 45 (1:3)
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды