Полиция жүргізушілерге қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді
Жетісу облысындағы жолда көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2024 жылы 11 желтоқсан сағат 23:30-да Жетісу облысы бойынша ауа райының бұзылуына байланысты «Үшарал-Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығында (Көктума стансасынан Достық ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қоғалысына шектеу қойылады», - делінген хабарламада.
Жетісу облысының жол полициясы көлік жүргізушілеріне жолда сақ болып, қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.