$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Көші-қон заңнамасын бұзған: Астанада үш Бангладеш азаматы ұсталды

 

Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ел аумағынан күштеп шығарылды

Көші-қон заңнамасын бұзған: Астанада үш Бангладеш азаматы ұсталды
Фото: polisia.kz

Астанада көші-қон заңнамасын бұзған Бангладеш азаматтары анықталды. Бұл туралы Астана қаласы ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана қаласының полиция департаменті көші-қон қызметінің қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы аясында құжаттарды тексеру барысында көші-қон заңнамасын бұзған үш Бангладеш азаматын анықтады.

«Тексеру нәтижесінде шетелдіктердің елордаға туристік визамен келгені белгілі болды. Алайда, турист мәртебесімен елде бола тұра, олар заңсыз еңбек қызметімен айналысып, Еуропалық Одақ елдеріне виза алуға әрекеттенген. Сонымен қатар олардың виза мерзімі аяқталғаннан кейін Қазақстан аумағынан уақытылы шықпағаны анықталды. Осыған байланысты Бангладеш азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Қазақстан Республикасынан күштеп шығарылды», - делінген ақпаратта.

Астана қаласының полиция департаменті шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша ел аумағында болу мерзімі аяқталғанға дейін міндетті түрде шығу қажеттігін ескертеді. Егер бұл талап орындалмаса, шетелдіктерге әкімшілік жаза, соның ішінде елден күштеп шығару шарасы қолданылатынына назар аударады.

Серіктес жаңалықтары