Қазіргі уақытта 7 қаржы маманы Тараз қаласы мен аудандарда бекітілген жоспарға сәйкес оқытып жатыр
«AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында Тараз қаласында халықты оқыту қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Белгілі болғандай, Сүлейменов көшесі, 1 мекенжайында орналасқан жалпы алаңы 106,4 шаршы метрді құрайтын 80 орындық акты залы оқыту аудиториясы ретінде қолданылып жатыр. Сол сияқты «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша жобалау тобына арнайы кабинет бөлініп, барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, оқыту кестелерінің өзгеруіне қарай облыстың барлық аумағында оқыту залдары уақытылы бөлініп, керек-жарақтармен жабдықталып отыр.
Биыл жоба аясында тұрғындардың қаржылық сауаттын арттыру бойынша 8500 адамды оқыту жоспарланған.
Қазіргі уақытта 7 қаржы маманы Тараз қаласы мен аудандарда бекітілген жоспарға сәйкес азаматтардың қаржылық сауатын арттыру бойынша оқытып жатыр. Облыс бойынша 8808 адам қамтылып (жоспар 8 500 адам), меже 103,6% жүзеге асырылды.
Облыста қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша ақпараттар, мақалалар тұрақты түрде «FinGramota» интернет порталында және әлеуметтік желілерде жарияланып тұрады.
Басқарманың және аудандар мен Тараз қаласы әкімдіктерінің қаржы бөлімдерінің әлеуметтік желілеріне (Instagram, Facebook) «Қарызсыз қоғам» жобасының іске асырылуы туралы ақпараттық-анықтамалық материялдар жарияланған.