Автобустың ішінде 53 жолаушы болған
Қарағанды облысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жолда қалып қойған жолаушыларға жедел көмек көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға Сарышаған кентінің кіре берісінде болған. Көршілес мемлекетке бағыт алған қоғамдық көлік кенеттен ақауға ұшырап, қозғалыссыз қалған. Автобустың ішінде 53 жолаушы болғаны анықталды.
«Патрульдік полиция қызметкерлері дереу әрекет етіп, жолаушыларды жергілікті мешітінің жылы ғимаратына орналастырды. Сонымен қатар екінші экипаж автобусқа қажетті жөндеу жұмыстарын ұйымдастырып, көлік иесіне қолдау көрсетті», - делінген хабарламада.