Бір жарым жасар қызын өлтіріп, көміп тастаған әйел адам небәрі төрт жылға сотталды

Автор: Асыл Арман

Сәби 2021 жылы қайтыс болған

Фото: Новосибирск облысы бойынша тергеу комитетінің баспасөз қызметі

Ресейде бір жарым жасар қызын өлтіріп, көміп тастаған өзбекстандық әйел адамға үкім шығарды. Қайғылы оқиға Новосибирскіде болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сот құқық қорғау органдары жинаған дәлелдемелерді Өзбекстан Республикасының тұрғынына үкім шығару үшін жеткілікті деп таныды.

Сонымен қатар, оның сәбиін жүйелі түрде соққыға жыққаны үшін кінәлі деп танылды.

«Тергеу мен соттың мәліметінше, 2021 жылдың маусым-тамыз айлары аралығында бір жарым жасар қызын тәрбиелеп отырған сотталушы ұрып-соғу арқылы оған жүйелі түрде физикалық және моральдық азап шеккен. 2021 жылдың тамызында сәби қайтыс болды, ал анасы медициналық көмекке жүгінбестен, қызын өз бетінше жерлеп тастаған», - делінген хабарламада.

Сот тергеу жинаған дәлелдемелерді ескере отырып, сотталушыны кінәлі деп тауып, жалпы режимдегі колонияда жазасын өтей отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.