Оның денесі пәтерден табылды
6 желтоқсан күні Рудный қаласында автовокзал маңында автобус жүргізушісі солға бұрылу кезінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Алау ақпараттық сайтына сілтеме жасап.
Полиция департаментінің мәліметінше, 7 желтоқсанда пәтерлердің бірінен 62 жастағы ер адамның денесі табылған. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол ауыр жол апатына себеп болған жүргізуші. Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі ер адамның асылып, өз-өзіне қол жұмсағанын болжауда.
Қазіргі уақытта бұл оқиғаға байланысты барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған кешенді тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.