Ол бұл марапатты төртінші мәрте жеңіп алды
Танымал әнші Димаш Құдайберген төртінші мәрте «Халықтың сүйіктісі» премиясының иегері атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Белгілі болғандай, «Халықтың сүйіктісі-2024» 14-ші ұлттық премия өздерінің қорытындысын шығарды.
«Ең беделді қоғамдық марапат он номинация бойынша берілді. Қазақстан Республикасының Халық әртісі Димаш Құдайберген төртінші рет жылдың Мәдениет қайраткері болып танылды», - делінген Dimash.news хабарламасында.
Лауреаттарды марапаттау рәсімі дәстүрлі түрде 2025 жылдың 16 қаңтарында өтеді.