09.12.2024, 13:55
Жаңалықтар
Маңғыстау облысы әкімдігінің алдында өзін өртеп жіберген ер адамның жағдайы белгілі болды
Ол Маңғыстау облысының әкімімен кездесуді талап еткенмен, қабылдауына кіре алмаған
Фото: istockphoto.com
Облыстық әкімдік ғимаратында үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өзін өртеп жіберген ер адамның жағдайы ауыр екені белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 5 желтоқсан күні болды. Ер адам Маңғыстау облысының әкімімен кездесуді талап еткенмен, қабылдауына кіре алмаған. Содан кейін ол жанғыш сұйықтықты құйып, өзін өртеп жіберген.
Lada.kz мәліметі бойынша ер адамның жағдайы әзірге ауыр күйде екені белгілі болды. Ол реанимацияда және механикалық желдеткішке қосылған.
Көп оқылған
17.10.2026, 13:01
Талдықорғанда TikTok-та балағат сөз айтқан әйелге айыппұл салынды
17.10.2026, 06:19
Атырау вокзалында жұмысшы бес метр биіктіктен құлаған: жағдайы ауыр
17.10.2026, 07:16
Тұман, көктайғақ және үсік: барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды
17.10.2026, 21:17
Астанада әйелді жұмыс орнына дейін аңдыған мас еркек 10 тәулікке қамалды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды