Бұл шешім оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды
Астанада ауа райы қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымда оқитын бастауыш сынып оқушылары онлайн форматқа ауысады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қала әкімдігіне сілтеме жасап.
«2024 жылдың 9 желтоқсанында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымда оқитын 0-4 сынып оқушылары сабақтарын қашықтан оқыту форматына ауыстырады», - делінген хабарламада.
Бұл шешім оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды. Қала тұрғындарына ауа райына байланысты сақтық шараларын ұстану ұсынылады.